Жаңалықтар

Астанада 7-сынып оқушысы 5 жасар баланы өлімнен құтқарып қалды

Астанада 7-сынып оқушысы 5 жасар баланы өлімнен құтқарып қалды
Фото: Астана қаласы әкімдігі 22.05.2024 13:18 2942

Астанада 7-сынып оқушысы Ақан Әкімжанов ерлік жасап, бес жасар баланы өлімнен құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінде №31 мектеп-гимназиясының 7Д сынып оқушысы Ақан Әкімжанов қайғылы оқиғаның алдын алды.

20 мамырда Ақан үйдің ауласында ойнап жүргенде балалар оған жүгініп, 4-қабаттың балкон қоршауына ілініп тұрған баланы байқағанын айтқан.

Ол бірден кіреберіске жүгіріп барып, 4-қабатқа жетіп, бес жасар баланы аман алып қалды.

Көпбалалы отбасынан шыққан Ақан егер қажет болса, алдағы уақытта оның іні-қарындастарына да көмектеседі деп үміттенетінін айтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға