Жаңалықтар

Әскерге бармағандар енді әскери билет алуға міндеттелмейді

Әскерге бармағандар енді әскери билет алуға міндеттелмейді
Фото: ©El.kz/Сырым РАХИМБЕКОВ 28.07.2023 11:07 1096

Әскери міндетін орындамаған қазақстандықтар әскери билет алу міндетінен босатылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрлігі бұл сыбайлас жемқорлық әрекеттерін төмендетіп, бюджет қаржысын үнемдеуге себеп болады деп отыр. 

Оқи отырыңыз:

Себебі мұның бәрі енді азаматтың жеке кабинетінде тұрады. Тиісінше енді әскери билетті жоғалтқаны үшін айыппұл төлеу деген болмайды. Бұл – әскери ведомствоны цифранландыруда қолданылатын шаралардың бірі. Мамандар мұның жұмыс берушіге де ыңғайлы екенін айтады. Яғни олар өз қызметкерлері туралы мәліметті Enbek және «Е-қызмет» жүйелері арқылы көре алады.

Сонымен қатар тұрғылықты мекенжайын ауыстырған қазақстандықтардың әскери тіркеу орны да автоматты түрде ауысып отырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға