Жаңалықтар

Ас берудің түрлері

Ас берудің түрлері – қазақы ортада қалыптасқан дәстүр бойынша қыршын кеткен жасқа және пайғамбар жасына толмай дүниеден озғандарға ас беру болмаған, тек жылын ғана өткізген.
27.08.2014 09:07 23810

Ас берудің түрлері – қазақы ортада қалыптасқан дәстүр бойынша қыршын кеткен жасқа және пайғамбар жасына толмай дүниеден озғандарға ас беру  болмаған, тек жылын ғана өткізген. Қарапайым адамдар кішкене ас беру өткізеді және ол бір-ақ күннің ішінде атқарылады. Тек ауыл көлемінде ғана өтетін бұл ас беру келте ас беру деп аталады. Үлкен ас беру деп кем дегенде ру көлемінде, әрісі, жүз, тіпті, бүкіл этнос деңгейінде өтетін және аз дегенде мерзімі үш күннен кем болмайтын асты айтады. Сүр ас беру деп марқұм бақилық болған мерзімнен кейін үш, жеті, тоғыз, он, отыз т.б. жылдан кейін берілетін асты айтады. Ондай ас беру келте де, үлкен де бола береді.

 Ас берудің түрлері

Асқа дайындық. А.И. Бортников. ҚР МОМ қорынан (КППМ 1222-13)

Ас беруге сауын айту – ас беруді өткізу үдерісінің басталуы және ас өткізілетіндігі туралы хабар тарату. Бұл ірілі-ұсақты ас беру үрдісіне ежелден қалыптасқан ортақ жосын. Ас беруге әр елден есімі белгілі ақсақалдар, батырлар, ақындар, палуандар, әнші-жыршылар, көкпаршылар, мергендер арнаулы жіберген адамдар арқылы шақырылады.

Ас өткізілетін орын және мерзімі. Ас өткізуге арналып, негізінен өзен бойына жақын, жазық жерлерге киіз үйлер тігіледі. Таңдалған жердің сулы, әрі нулы, әрі кең жазира болуы – ас берудің басты шарттарының бірі. Өйткені, ең алдымен, қонақтарға да, бәйге аттарына да қолайлы жағдай жасау ас берудің сәтті өтуінің бірден бір кепілі болды. Деректерге қарағанда, бірнеше жүздеген үй тігілген «ауылдың» орны 0,5-1,5 шақырымға дейін аумақты қамтыған. ас беруны көбінесе мал семірген күз мезгілінде атқарады. Сондықтан, ас беру кейде жыл толмай немесе екі-үш ай өткен соң да ұйымдастырыла береді. ас берудің басталуы, әдетте, сәтті күн – сәрсенбіге немесе дәстүрлі түсінік бойынша «о дүниенің көк қақпасы ашылып, аруақтар үйге келеді» дейтін бейсенбіге орайластырылды.

Үй тігу. Ас беру үй тігуден басталады. Ел болып жиналып, жан-жақтан келген  қонақтарды  қарсы  алу, күту, ас берутін елдің (рудың) елдігіне үлкен сын. Ас беруді айтарлықтай етіп өткізуге әр ру мүшелері өз үлесін қосады. Қонақтарға тігілген үйлер қазан-ошақтан кемінде 50-100 м қашықтықта, кейде, одан да алыс орнастырылады. Қонақтарға тігілген үйлерге кілемдер төселіп, көрпелер жайылады, шақырылған адамдардың бәрі осы үйлерге келіп орналасады. Вл.Плотниковтың жазуынша, 1860 жылы Кіші жүз жаппас руының басшысы Құламбай дейтін адамның Қаракөл басында өткізілген ас беруге 140 үй, 200 кісі сыятын жібек шатыр тігілген. XIX ғ.-дың 90- жылдарында Сырдария облысының Қазалы мен Перовский уездерінде Кіші жүз руларының арасында берілген бес ас беруге қатысқан И.В. Аничков мынадай қызықты мәліметтер келтіреді: атақты Кәрібайдың асында қонақтар үшін тігілген ақ үйлердің саны 200-ге дейін жеткен. Ал молдалар мен ишандарға Бұхар шатыры тігіліп, әр үйге бір молдадан бекітілген. Бұлардан бөлек жерошақ басынан бірнеше үйлер қатар тігілді.

Қаралы үй ас беру өткізілетін жерге ас беруге 10-15 күн қалғанда салтанатпен әкелініп, басқа үйлерден оқшау тігіледі. Қаралы үйдің ішіне марқұмның өзі тіршілігінде пайдаланған бұйымдары ең көрнекті жерге қойылады. Оларды отаудың батыс жақ бұрышына, кіре  берістен сол жақ тұсқа орналастырады. Биіктеу бір төбе басында ас иелері, ауыл ақсақалдары бөлек тұрып келушілерді бақылайды. Әр үйдің дөдегесіне осы үйдің қайсы елдің қонақ үйі екені жазылады. Осы күннен бастап ас өткізетін отбасының туыстары киіз үйлерін тігіп, малдай, қымыз т.б. көмектерін көрсете бастайды. Ақсақалдар жиналып ас өткізу жайын талқылап, шешім қабылдайды.

Қазақ даласында айтыскер ақындарымен, палуандар күресімен, ат бәйгесімен нелер бір дүркіреген астар өткен. Мысалы, үш жүздің баласы шақырылған Бұқарбай батырдың үлкен баласы Көтібардың асында үш жүзге тарта киіз үй тігіліпті. Ү.Қыдыралиннің жинаған дерегінде Маңғыстаудағы ең ірі ас 1750 ж. шамасында Жем өзенінің бойындағы Ақкиізтоғайда өткен Жанайұлы Қожаназардың асы туралы айтылады. Асты марқұмның Таған атты үлкен ұлы басқарған. Бұл аста бірыңғай ақ киізбен жабылған мыңға тарта киіз үй тігілген. Қонақ өте көп жиналып, мыңға тарта қой сойылған. Бәйгеге елу ат іріктеліп, бас жүлдеге бес жүз жылқы қойылыпты. Бас бәйгені той иесінің Шонты деген ұлының көкбиесі қанжығасына байлапты.

Әсіресе,Маңғыстауқазақтарыныңасымолшылығымен ерекшеленеді. Құрбан айт сайын шектік шалып, ата-бабаларының аруақтарына арнап Құран бағыштайды, кейде зират басына барады.

Мал сою. ас берутін жерге, дәлірек айтқанда, жерошақ басына  айдалып  әкелінген  малдың  ішінен  сойылатын қой мен жылқы таңдалады. Төмендегі  деректен осы үрдістің қалай атқарылғандығы туралы  көп  жайды аңғаруға болады. «Әрқайсысында 70 жерошақтан қазылған екі қатар ошақ (140) қазылып болған соң, молда ошаққа дұға бағыштады, 60 бие таңдалып, оларды екіге бөлді, жақсысы мен нашарлауы екі ошаққа теңдей бөлінуі   қадағаланды.   Әрқайсысына   бас-көз   болатын көшелі, жөн білетін адам тағайындалды. Ошақтар қасынан етті сақтауға арналған 12 қос дайындалып, жас шөп үстіне ши төселді. Келесіде қолында Құраны бар молда келіп бөлініп алынған жылқылар қасына келіп Құран оқыды. Сойылған мал терісінің бір бөлігі молдаға, қалғаны басқарушыларға бөліп беріліп, сойылған мал еті қазанға салынды. Сойысқа арналған малды қамап қойып, асқа келгендердің өзі қалағанын сойдырған жайттар да болған» (А.С. Плотников).

«Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі»

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға