Жаңалықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлының енді әйелі де сотталды

Арыстанбек Мұхамедиұлының енді әйелі де сотталды
Фото: facebook.com/mukhamediuly 13.02.2024 16:43 17461

Астанадағы сот бұрынғы министр Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Тергеу барысында Мұхамедиұлы аса ірі мөлшерде пара беруге оқталды деп (Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 367-бабының 4-бөлігі), Ысқақова парақорлыққа делдалдық жасады деп (Қылмыстық кодекстің 368-бабының 1-бөлігі) және Төлеев аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп (ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы) айыпталды.

Мұхамедиұлы аса ірі көлемде пара алуға әрекеттенгені үшін кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оның әйелі Ғалия Ысқақова пара алуда делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Делдал болған адвокат Мұстахим Тулеев аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімімен М. аса ірі мөлшерде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58-бабының 3 және 6-бөліктері негізінде 20.06.2023 жылғы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен тағайындалған қатаң жазаны неғұрлым қатаң жазаға айналдыру жолымен қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салына отырып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ы. парақорлыққа делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК 368-бабының 1-бөлігі) өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынып, 6 айға бас бостандығынан айырылды. Т. аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы), 10 жыл мерзімге адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды, - деп жазылған Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мәліметінде.

Айта кетейік, бір жылдан аса уақыт тергелген Арыстанбек Мұхамедиұлына сот өткен айда үкім шығарған. Судья экс-министрді 8 жылға бас бостандығынан айырды. Артынша, оған «Дипломат» қонақ үйін рейдерлік жолмен тартып алды деген қосымша айып тағылды.

Еске салсақ, 2022 жылы 29 мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды.

Анкитор ұлттық музейдің бұрынғы басшысына «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген айып тақты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға