Жаңалықтар

Шоу жасаудан жалықпайтын Арыстанбек Мұхамедиұлы "аштық жариялайтынын" айтты

Шоу жасаудан жалықпайтын Арыстанбек Мұхамедиұлы "аштық жариялайтынын" айтты
Фото: ©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ 10.10.2023 09:50 867

Сегіз жылға бас бостандығынан айырылған экс-шенеунік Арыстанбек Мұхамедиұлы тағы бір қылмыстық бап бойынша сот залында жауап беруде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Әр сот отырысында небір шоу жасаудан жалықпайтын бұрынғы мәдениет министрі бұл жолы да әуеніне басып, жиналғандарды «аштық жариялаймын» деп қорқытты. 

Егер менің құқыма шек келтірсе, ресми түрде аштық жариялаймын. Олар не қаласа, оны қаласын!, - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Дегенмен сот отырысының басталуынан аяқталуы тез болды. Себебі Мұхамедиұлының мүддесін қорғауға келген екі заңгердің бірі іспен толық таныспаған. Жаңа адвокат судьядан отырысты кейінгі шегеруді сұрап, оның өтініші қанағаттандырылды.

Бір жылдан аса уақыт тергелген Арыстанбек Мұхамедиұлына сот өткен айда үкім шығарған. Судья экс-министрді сегіз жылға бас бостандығынан айырды. Артынша, өткен айдың аяғында оған «Дипломат» қонақ үйін рейдерлік жолмен тартып алды деген қосымша айып тағылды. Куәгерлер экс-шенеуніктің жаға ұстатарлық небір қулық-сұмдығын жайып салғанымен, Мұхамедиұлының өзі «жала жауып отыр» деген сөзінен танар емес.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға