Жаңалықтар

Арман Жүдебаев мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды

Арман Жүдебаев мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды
Фото: instagram.com/madeniet_sport_ministrligi 10.07.2023 13:20 673

Арман Жүдебаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министр Асхат Оралов осыған дейін ҚР мәдениет және спорт вице- министрі болған Нұрғиса Дәуешовке атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.

Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің артисі болып бастаған.

Оқи отырыңыз:

2009-2013 жылдары - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, аға оқытушысы.

2013-2018 жылдары - Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері.

2017-2018 жылдары - Дина Нұрпейісова атындағы Атырау облыстық қазақ халық аспаптар академиялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері.

2018-2023 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметін атқарды.

2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасы қызметін атқарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға