Жаңалықтар

Ақтөбедегі оқушы өлімі: қылмысқа қатысы бар екі бала ұсталды

Ақтөбедегі оқушы өлімі: қылмысқа қатысы бар екі бала ұсталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 15.04.2024 17:35 1198

Ақтөбеде олимпиадалық резерв мектеп-колледжіндегі оқушы өлімі үш қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаменті мәліметінде Ақтөбедегі Есет батыр атындағы спорт мектебі тәрбиеленушісінің өлімінен кейін полицейлер «бұзақылық», «адам өліміне әкеп соқтырған қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бойынша, сондай-ақ «қызметтік міндеттеріне адал орындамағаны» үшін ұстаздары мен спорт мектебінің басшылығы қатысты іс қозғалғаны айтылады.

Қылмысқа қатысы бар екі күдікті ұсталған. Олар – спорт мектебінің оқушылары.

Еске сала кетейік, бұған дейін  Ақтөбедегі спорт мектебінде 8-сынып оқушысы қаза болғаны хабарланған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға