Жаңалықтар

Ақтөбеде спорт мектебінің оқушысы қайтыс болды

Ақтөбеде спорт мектебінің оқушысы қайтыс болды
Фото: ©El.kz/Нуркен АЛИШЕВ 12.04.2024 11:30 1531

Ақтөбедегі Есет батыр атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернатының 8 сынып оқушысы есінен танып, жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бір жыл бұрын Бексұлтан Әбубәкір мектептегі еркін күрес бөліміне қабылданған. 11 сәуір сағат 21:30 шамасында жасөспірім құлап, есінен танып қалғаны анықталды. Жедел жәрдем шақырылған, бірақ Бексұлтан көлікте қайтыс болды. Қазіргі таңда баланың өлімінің себебі анықталуда.

Мектеп қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде (денсаулыққа ауыр зиян келтіру және қызметтік міндеттеріне селқос қарау). Сараптама тағайындалды, - деп хабарлады Ақтөбе қалалық полиция департаменті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға