Жаңалықтар

Ақтөбеде қар құрсауында қалып қойған жүкті әйел құтқарылды

Ақтөбеде қар құрсауында қалып қойған жүкті әйел құтқарылды
Фото: © Pixabay.com 13.03.2024 02:09 381

Ақтөбеде жүкті әйел мінген көлік қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Мұғалжар ауданының Қаракөл ауылында болған.

Құтқарушыларға аудандық жүкті әйел мінген көлік қар құрсауында қалып қойып, орталық ауруханаға жете алмайтыны туралы хабарлама келіп түскен.

Шақырту бойынша дереу жолға шыққан аудандық № 8 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Алматы Мұратжанұлы, жүргізуші Азат Жамбылұлы, Мұғалжар ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің аға анықтаушысы Нұрбек Тілегенұлы ауыл тұрғынын Мұғалжар ауданының орталық ауруханасына шұғыл жеткізілуіне көмектесті.

Өз кезегінде жүкті әйел құтқарушыларға алғысын білдірді.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға