Жаңалықтар

Құтқарушылар аман алып қалған тағы бір жүкті әйел босанды

Құтқарушылар аман алып қалған тағы бір жүкті әйел босанды
Фото: ТЖМ 11.02.2024 01:34 572

Бұған дейін Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Амангелді Доскенов бастаған Ерейментау өңірінің құтқарушылары аман алып қалған тағы бір жүкті әйел туралы жазған болатынбыз. Әйел жүктіліктің 39-аптасында болған, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі. 

Құтқарушылар акушер-дәрігерлермен бірге ауа-райының қолайсыздығына қарамастан әйелді ауруханаға жеткізген.

Бүгін түнде Ерейментаулық құтқарушылар сүйінші хабар алды. Олар құтқарған әйел дүниеге қыз әкелді. Қыздың дені сау.

Мұндай жағдай Ерейментау облысында алғаш рет болған жоқ. Бұған дейін Амангелді Доскенов жүкті әйелді қарлы бораннан аман алып қалған болатын. Босанғаннан кейін құтқарушылар әйелді ауруханадан шығарып алуға шақырылған. Ал балаға құтқарушы Амангелдінің есімі берілді.

Құтқару жұмыстарына қатысқандар: өрт сөндіру автокөліктерінің аға жүргізушісі Рахат Әбісов, өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Нұрболат Базарбаев, өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Шошанов Асылхан Қайратұлы және Ерейментау аудандық төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Амангелді Доскенов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға