Жаңалықтар

Ақмола облысында табиғи өртті сөндіру бойынша ауқымды жаттығулар өткізілді

Ақмола облысында табиғи өртті сөндіру бойынша ауқымды жаттығулар өткізілді
Фото: ТЖД-нің баспасөз қызметі 18.10.2023 21:25 488

17-18 қазанында Төтенше жағдайлар министрлігі мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Ақмола облысында "Орман-дала-2023" орман өртін сөндіру бойынша кешенді өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын даярлау, сондай-ақ төтенше жағдайға ден қою кезінде уәкілетті органдар мен ұйымдардың басқару алгоритмін және өзара іс-қимылын пысықтау мақсатында өткізілді.

18 қазанда "Кеңес" орман мекемесінің аумағында бірлескен кешенді өрт-тактикалық оқу-жаттығулардың практикалық бөлігі пысықталды.

Орман шаруашылығы мекемелерінің, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің күштері мен құралдары тартылды.

Оқу-жаттығу барысында Қазавиақорғау өрт сөндіру десантын түсіру, халықты эвакуациялау және орналастыру, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету, мобильді және интернет байланыстарының тұрақты жұмыс істеуін ұйымдастыру, халықты тамақтандыру, орман қорғау мекемелері мен облыстың азаматтық қорғау қызметтерінің жерүсті күштерімен орман өртін сөндіру элементтері пысықталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға