Жаңалықтар

Англия мен АҚШ құрамалары тең түсті

Ойын барысында америкалық футболшылар азулы қарсыласына лайықты төтеп беруге тырысты
Англия мен АҚШ құрамалары тең түсті
Фото: Sports.kz 26.11.2022 07:03 1591

Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының В тобында Англия мен АҚШ құрамалары тең түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алғашқы турда Англия құрамасы Иранды 6:2 есебімен жеңіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алған еді. Есесіне АҚШ футболшылары Уэльспен кездесуінде 1:1 есебіне қанағат білдірген болатын.

Ойын барысында америкалық футболшылар азулы қарсыласына лайықты төтеп беруге тырысты. Тіпті қақпаға соққы жасау жөнінен алда тұрды. Десе де, допты ұстаудан Англияның басымдығы айқын аңғарылып тұрды.

Ойынның 68-минутында Англияның бас бапкері екі футболшыны бірден алмастырды. Джуд Беллингем мен Рахим Стерлингтің орнына Джордан Хендерсон мен Джек Грилиш шықты. Дегенмен ойын барысы бұрынғыдан өзгере қойған жоқ. Гарри Кейн бастаған ағылшын футболшылары қарсыластар қақпасынан саңылау таба алмай жатты.

Кездесуде құрамалар 0:0 есебіне қанағат білдірді.

ұған дейін Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Сауд Арабиясы  Аргентинадан басым түсіп, сенсация жасаған еді. Аргентинаны жеңу құрметіне Сауд Арабиясында сәрсенбі демалыс күні болып жарияланды.

Кешегі ойында Франция құрамасы да Аустралияны ірі есеппен ұтты. Ал Германия құрамасы Жапониядан жеңіліп қалды.

Сондай-ақ Н тобында Оңтүстік Корея мен Уругвай футболшылары антирекорд орнатты.

Сондай-ақ  Португалия құрамасы Гананы жеңді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға