Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыАстана тұрғыны жеңілдетілген несиемен көлік аламын деп сан соғып қалды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, танысы көлік әперуге уәде етіп, ол қызметі үшін 1 млн теңге алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
33 жастағы елорда тұрғыны ақшаны алған соң уәдесін орындамаған. Ер адам алты ай бойы сенгіш әйелді алдаусыратып, тез әрі жеңілдетілген несиеге көлік алуға көмектесемін деп сендіріп келген. Арада біраз уақыт өткен соң жәбірленуші өзінің алданғанын түсініп, полицияға хабарласқан.
Оқи отырыңыз:
Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды.
Аталған факті бойынша «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта күдіктінің қала аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталуда.
Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?