Жаңалықтар

Жамбыл облысында мемлекеттің қымбат көліктерін жасырын сатып жіберген

Жамбыл облысында мемлекеттің қымбат көліктерін жасырын сатып жіберген
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 05.01.2024 20:35 594

Талас ауданының прокуратурасы «Таза-Талас» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміндегі автокөліктерді заңсыз есептен шығару арқылы жымқыру фактілерін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кәсіпорынның басшылығы мекемеге тиесілі нарықтық құны 22 млн теңгені құрайтын 4 автокөліктерді  жалған құжаттар рәсімдеу арқылы жарамсыз көлік құралдары ретінде заңсыз есептен шығарып, тиісті аукцион өткізбей, тікелей үшінші тұлғаларға сатқан.

Аталған дерек бойынша Талас ауданының прокуратурасы қылмыстық іс тіркеп, оны тергеп-тексеру облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен жүргізілді.

Қазіргі таңда мекеме басшыларының іс-әрекеттері ҚК-тің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен (жымқыру) және ҚК 369-бабы 1-бөлігімен (қызметтік жалғандық) сараланды.   

Тергеп-тексеру барысында құны 17 млн теңгені құрайтын 3 автокөлік  мемлекетке қайтарылды, төртінші автокөлікті қайтаруға шаралар қабылдануда.

Қылмыстық іс сотқа жолдану барысында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға