7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Түркияда жас отбасыларға арналған қолдау шаралары кеңейтілді. Енді мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген несиені өтеу шарттары жеңілдеп, екінші бала дүниеге келген жағдайда қарыз толық кешірілетін болды. Бұл бастама отбасы құндылықтарын нығайтып, демографияны қолдауға бағытталған.
Жас отбасыларға қолдау
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бұл шешімді үкімет отырысынан кейін жариялап, жастарды қолдау мемлекеттің басты басымдықтарының бірі екенін айтты.
Отбасы және Жастар қоры арқылы шаңырақ көтергісі келетін жастарға 200-250 мың лира көлемінде қолдау көрсетіп келеміз, – деді ол.
Оның айтуынша, бұл қаржы жас отбасылардың алғашқы қажеттіліктерін шешуге бағытталған және олардың өз өмірін сенімді бастауына мүмкіндік береді.
Бірінші балаға берілетін жеңілдік сақталады
Бағдарлама аясында бұрын енгізілген жеңілдіктер де сақталып отыр. Егер жас отбасы несие алғаннан кейін алғашқы баласын дүниеге әкелсе, мемлекет бір жылдық төлемді өз мойнына алады.
Бірінші баласы дүниеге келген жас отбасыларға 12 айлық төлемді мемлекет тарапынан өтеп, қалған төлемдерді 12 айға кейінге шегеру туралы шешім қабылдаған едік, – деді Түркия президенті.
Бұл жас ата-аналарға қаржылық жүктемені азайтып, бала тәрбиесіне алаңсыз көңіл бөлуге мүмкіндік береді.
Екінші бала дүниеге келсе, қарыз кешіріледі
Жаңа өзгеріске сәйкес, екінші бала дүниеге келген жағдайда несие толық кешіріледі.
Енді бұл қолдау одан әрі күшейтіледі. Егер отбасында екінші бала дүниеге келсе, қалған несиені толықтай мемлекет өтейтін болады, – деді Түркия президенті.
Бұл шешім қоғамда үлкен қолдауға ие болып отыр. Себебі мұндай көмек жас отбасылар үшін үлкен жеңілдік саналады.
Әлеуметтік саясаттағы жаңа кезең
Президенттің айтуынша, бұл бастама тек экономикалық көмек емес, елдің болашағына бағытталған стратегиялық қадам.
Жас отбасыларға жағдай жасау – біздің келешегімізге салынған инвестиция. Біз жастардың сеніммен өмір сүруі үшін барлық мүмкіндікті жасай береміз, – деді Түркия президенті.
Айта кетейік, бұған дейін отбасымен саяхаттаудың тиімді жолдары жайлы жазған едік.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?