30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБүгін, 1 қыркүйекте Қазақстанның барлық мектебінде 2026-2027 оқу жылы басталды. Биыл еліміздегі 8 мыңнан астам мектепте 4,1 млн оқушы білім алады. Оның ішінде 380 мыңнан астам бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Жаңа оқу жылында білім беру бағдарламасына жаңа курстар енгізіліп, мектептерде жасанды интеллект технологияларын қолдану бойынша пилоттық жобалар іске қосылады.
1 қыркүйекте алғашқы қоңырау қалай өтеді?
Жаңа оқу жылының алғашқы күнінде еліміздің барлық мектептерінде бірыңғай сынып сағаттары ұйымдастырылады. Ал колледждерде кураторлық сағаттар өткізіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Оның айтуынша, бірыңғай сынып сағаттары барлық сыныпта өтеді. Әр іс-шараға шамамен 45 минут бөлінеді.
Биыл мектепте 4,1 млн оқушы білім алады
Қазір Қазақстанда 8 мыңнан астам мектеп жұмыс істейді. Оның 5 мыңнан астамы ауылдық елді мекендерде орналасқан.
2026-2027 оқу жылында мектептерде 4,1 млн оқушы білім алады. Бірінші сыныпқа 380 мыңнан астам бала қабылданды. Ал 227 мың оқушы биыл 11-сыныпқа көшті. Өткен оқу жылында 230 мыңнан астам түлек мектеп бітірген.
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау биыл «OQU» бірыңғай платформасы арқылы кезең-кезеңімен жүргізілді. Өтініштердің 88,7 пайыздан астамы электронды түрде қабылданған.
Мектеп бағдарламасына жаңа курстар енгізіледі
Жаңа оқу жылынан бастап білім беру мазмұны бірқатар міндетті оқу курстарымен толықтырылады. Атап айтқанда:
Бұған дейін таңдау пәні ретінде оқытылған «Құқық негіздері» енді барлық оқушы үшін міндетті пән болады. Курстың мазмұны Жаңа Конституция қағидаттарына сәйкестендірілген.
Сонымен бірге үлгілік оқу жоспарларының құрылымы оңтайландырылды. Оқушылардың барлық оқу пәндеріне толық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қысқартылған үлгілік оқу жоспарлары алынып тасталды.
Жасанды интеллект мектептерге енгізіледі
2026-2027 оқу жылының негізгі жаңалықтарының бірі – жасанды интеллект технологияларын орта білім беру жүйесіне енгізу.
Осы бағытта «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндерінің атауы өзгертіледі. Сондай-ақ білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу бойынша 2026-2029 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленді.
1 қыркүйектен бастап Павлодар және Қызылорда облыстарындағы 10 шағын жинақты мектепте жасанды интеллект технологияларын қолдануға арналған пилоттық жоба басталады.
Пилоттық кезеңде жоба 500 шағын жинақты мектепті қамтиды. Ал 2029 жылға дейін оны еліміздегі 2 600 шағын жинақты мектепке дейін кеңейту жоспарланып отыр.
Мектептерде жаңа кабинеттер ашылады
Мектептерді заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау жұмыстары да жалғасып жатыр. Жоспарланған 1 409 кабинеттің 1 007-сі, яғни 70 пайызы мектептерге жеткізілді.
Сонымен қатар жалпы жобалық қуаты 117 мың оқушы орны болатын 178 мектепте күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Оның 91-і ауылдық, 87-сі қалалық мектеп.
Қазіргі уақытта 59,3 мың оқушы орнына арналған 101 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 38,2 мың оқушы орнына арналған 72 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған.
Колледждерде 133 мың студент қабылданады
Жаңа оқу жылында еліміздегі 763 колледжде 556 мың студент білім алады.
Биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында колледждерге 133 мың студент қабылдау жоспарланған. Оның 70 пайызы техникалық бағыттар бойынша мамандар даярлауға бағытталады.
Кәсіпорындардың өтінімдері негізінде кейін міндетті түрде жұмысқа орналастыруды көздейтін бағдарлама бойынша 10 мыңнан астам студент қабылданады.
Дуальды оқытумен қамтылған студенттер саны да артты. 2025 жылы бұл көрсеткіш 91 мың болса, 2026 жылы 138,2 мыңға жетті.
Қазір дуальды оқыту 552 колледжде 11 мыңнан астам кәсіпорынның қатысуымен жүзеге асырылып жатыр.
Осылайша, жаңа оқу жылында Қазақстанның білім беру жүйесінде бірнеше маңызды бағытқа басымдық берілмек. Олар – білім беру мазмұнын жаңарту, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу, оқушылардың қауіпсіздігі мен құқықтық сауаттылығын арттыру және техникалық мамандар даярлауды күшейту.
Бұған дейін мектепке макияжбен келген оқушыға қандай жаза бар екені туралы жазған едік.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды