Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕлімізде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңі басталады. Бұл кезеңге республиканың барлық аймақтарынан 40 мыңнан астам оқушы қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту министрлігі мәлімдегендей, пәндік олимпиада дәстүрлі форматта екі турда өткізіледі. «Физика» және «Химия» пәндері бойынша эксперименттік турлар жүреді.
Олимпиаданың үшінші кезеңінің әрбір қатысушысы жеке жұмыс орнымен, жауап парақтарының бланкілерімен, оның оқу тіліндегі тапсырмалар мәтінімен қамтамасыз етіледі. Ашықтық пен академиялық адалдықты сақтау мақсатында олимпиаданың өту процесі онлайн режимде көруге арналған бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Ал олимпиада барысын қадағалау үшін ата-аналар комитетінің өкілдері, журналистер, ғалымдар және жоғары оқу орындарының оқытушылары шақырылады.
Оқи отырыңыз:
Турлар аяқталғаннан кейін тапсырмалар «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының интернет-ресурсында орналастырылады.
Оқушылардың республикалық олимпиадасы жалпы білім беретін 15 пән бойынша өткізіледі. Олимпиаданың бірінші (мектептік) кезеңінде 282 090, екінші (аудандық) кезеңінде 94 000 оқушы қатысты.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді