Жаңалықтар

Елордалық оқушылар республикалық олимпиадада «Үздік команда» атағын жеңіп алды

Елордалық оқушылар республикалық олимпиадада «Үздік команда» атағын жеңіп алды
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 03.11.2023 23:48 904

Астана оқушылары химия пәнінен республикалық олимпиадада алтын және күміс медаль жеңіп алып, «Үздік команда» атағына ие болды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдіктің сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, жуырда Жезқазғанда Қ.Сәтбаев атындағы 9-сынып оқушыларына арналған химия пәнінен республикалық олимпиада өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен 75 оқушы қатысты.

Астанадан келген оқушылар Канада елшілігі тапсырған кубокты және «Үздік команда» атағын жеңіп алды.

Сонымен қатар жас олимпиадашылар өздерінің табысты өнер көрсетуімен тағы да жоғары білім деңгейін дәлелдеп, 3 жүлделі орынға ие болды.
Алтын медальдарды №27 мектеп-лицейінің оқушысы Елизавета Гранковская мен «Nurorda» мектеп-лицейінің оқушысы Асқарбек Біржан жеңіп алды. Дарынды жастарға арналған «Білім-инновация» лицейінің оқушысы Балтекен Арман күміс жүлдегер атанды.

Елордалық дарынды оқушылардың олимпиадаға қатысуының осындай лайықты нәтижесі – мұғалім мен оқушылардың бірлескен және табысты шығармашылық жұмысының нәтижесі. Педагогтердің жоғары кәсібилігі мен шығармашылық еңбегінің арқасында елордалық оқушылар жыл сайын түрлі деңгейдегі пәндік олимпиадаларда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға