20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Smart Astana» қосымшасында жаңа қауіпсіздік функциялары пайда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қосымшаның жаңа сервистерін Астана қаласы коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында «Smart Astana» жобасының жетекшісі Айдын Еспек таныстырды.
Жаңа сервис Ішкі істер министрлігімен бірге мобильді қосымшада қауіпсіздіктің жаңа санатын ұсынып отыр.
Бұл санатта бірнеше сервис ұсынылады. Олар: есірткіге жол жоқ қызметі, ойын-сауық мекемелері рейтингінің қызметі, қаладағы төтенше жағдайларға әрекет ету бойынша анықтамалық қызмет және одан бөлек велосипедтерді тіркеу және ол жөнінде өтінімдер жіберу бойынша қызметтерді іске қосудамыз, - деді «Smart Astana» жобасының жетекшісі Айдын Еспек.
Оқи отырыңыз:
Қандай да бір қылмыстың куәгері болсаңыз, қосымшаны пайдалана отырып Ішкі істер министрлігіне өтінім жолдауға болады.
Дүкеннен телефон сатып алған жағдайда да қосымшаны пайдалана отырып, оның ұрланған не ұрланбағаның анықтауға мүмкіндік бар. Осы сияқты басқа да техникаларды анықтай аласыздар. Адам, өзінің жеке велосипедінің құжаты болса, оны да тіркеуге қоя алады. Ол жоғалған кезде тез арада тауып, анықтау мүмкін болады, - деді Айдын Еспек.
Айта кетейік, «Smart Astana» қосымшасы 2015 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Қосымшада 60-тан астам функция жұмыс істейді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?