Жаңалықтар

МАЭК-ті жөндеу жұмыстарына шамамен 5 млрд теңге бөлінді

МАЭК-ті жөндеу жұмыстарына шамамен 5 млрд теңге бөлінді
Фото: t.me/KZgovernment 19.07.2023 09:00 1965

Қазақстан Үкіметі тарапынан Маңғыстау атом энергетикалық кешенінің (МАЭК) сенімді әрі тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылданып жатыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Маңғыстау облысы әкімдігінің сұранысы бойынша МАЭК-те жөндеу жұмыстарын жүргізуге ҚР Үкіметінің резервінен шамамен 4,9 млрд теңге сомасында қаржы бөлінді. Бұған қатысты ҚР Үкіметі тиісті қаулы қабылдады.

Оқи отырыңыз:

«МАЭК» ЖШС ұсынған тізім негізінде қажетті қосалқы жабдықтар мен тораптарды (компоненттерді) сатып алуға қаржыландыру тетіктері қарастырылды.

Апаттық жағдайдағы құрамдас бөліктерді ауыстыру электр стансаларының генерациялаушы жабдықтарын тоқтату және тұтынушылар үшін шектеулер енгізу тәуекелдерін барынша азайта отырып, жабдықтың техникалық жай-күйі мен жұмысқа қабілеттілігін сақтауға және жұмыс кезінде олардың сенімділігі мен қауіпсіздігін бақылауға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, МАЭК пен АМӨЗ-де орын алған апаттардың себептерін тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысының қорытындысына сәйкес энергия кәсіпорындарының жұмысындағы жүйелік кемшіліктер анықталған болатын.

Келешекте мұндай дағдарыстық жағдайлардың алдын алу үшін Үкімет бірқатар шұғыл әрі жүйелі шараларды қолға алмақ.

Олардың қатарында:

«МАЭК» ЖШС-ны жаңғырту және күрделі жөндеу;

батыс энергетика аймағын нығайту;

АМӨЗ-ді сыртқы электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету және онда өзінің жеке энергия көзін салу;

батыс аймақты Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесімен байланыстыру және т.б. бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға