20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүркияның шығысы мен орталық бөлігінде, Малатия, Бингел, Сивас және Кония провинцияларында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Малатияда 4,7 балдық жер сілкінісі болды. Төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 23:25-те эпицентрі Пытурге ауданында, 7 шақырым тереңдікте жер сілкінісі тіркелді.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 03:28-де Бингөлде Солхан аймағында, 14 шақырым тереңдікте, магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі тіркелді.
Түркияның шығысындағы Сивас провинциясында магнитудасы 4,7 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері жұма күні жергілікті уақыт бойынша 20:19-да тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 5 км тереңдікте, эпицентрі Гюрюнь облысында болған.
6 ақпанда эпицентрі Кахраманмарашта болған жер сілкінісінен кейін Гюрюн апат аймағына қосылды. Табиғат апаты салдарынан облыста 217 ғимарат қирады немесе айтарлықтай зардап шекті. 933 ғимарат жеңіл зақымданған.
Түркияның орталығындағы Конья провинциясында магнитудасы 4,3 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері жұма күні жергілікті уақыт бойынша 17:01 тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы 7 шақырым тереңдікте болған. Жер сілкінісінің ошағы Ереглі аймағында болды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?