22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақстандық құтқарушылар жеті адамды құтқарды. Сондай-ақ ТЖ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев қазақстандық құтқарушылар 88 адамның денесі алып шыққанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Түркияға келгеннен бастап, жедел штабтың құрамына кіріп, солардың тапсырмасы бойынша жұмысымызды бастап кеттік. 10 күндей жұмыс істеп, 17-cі жұмысымызды тоқтаттық. Қазақстан құтқарушылары шетелден келген құтқарушылардың арасында ең соңғы болып шықты. Іздеу жұмыстары аяқталғаннан кейін елге қайттық. Қазір құрылыс жұмыстары бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр»,- деді ол.
Сондай-ақ вице-министр мародерлерге қатысты қандай оқиға болғанын айтып берді.
«Мародерлерге қатысты түрлі жағдайлар болып жатты. Біздің істеп жатқан жерде бір ғана оқиға болды. Бір азамат осы жерде үйім бар, тұрғынмын деп келген еді. Кейіннен оның іздеуде жүрген азамат екені анықталып, Түркия полициясы алып кетті»,- деді вице-министр.
Айта кетейік, Қазақстандық құтқарушылар Түркиядағы ең қатты қираған орында жұмыс істеді. Түркияның үш өңірінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу басталғаннан бері құтқарушылар қолмен, сондай-ақ инженерлік техниканы, авариялық-құтқару жабдықтарын, шанц аспаптарын тарта отырып, 250 мың текше метрден астам үйінділерді бөлшектеді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев