20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүркияда жер сілкінгенде аман қалған Сабина Мамадьярова Қазақстанға оралды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Ол ауруханада емделіп жатқан кезеңде біздің консул тұрақты байланыста болды. Сабина Мамадьярованың жанына жақын туыстары да барды. Ол Қазақстанға оралды», - деді Айбек Смадияров.
Осы орайда ол Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматының елге сапарын ұйымдастыруға көмектескенін айтты.
Айта кетейік, Түркияда жойқын зілзаладан қаза болған қазақстандық Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтің денесі табылғандығын хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш қаласында құтқару-іздестіру жұмысы барысында әйелдің денесі табылды. Ал жер сілкінісінен аман қалған Сабина Мамадьярова ем алып жатқанын хабарлаған едік.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?