10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТүркістан облысында өткен жылы тұтынушыларға 44 млн-нан астам теңге қайтарылды. Жалпы облыс бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне былтыр 1535 өтініш келіп түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Келіп түскен өтініштердің 324-і жазбаша, 17-сі Telegram арқылы болса, жеке қабылдаулардан – 520, жедел желі бойынша 674 шағым жолданған. Атап айтсақ, бөлшек сауда қызметтері – 1461 (сұрақтар сапасыз қызмет көрсетуге, бағаның сәйкес келмеуіне, тауарды айырбастаудан және қайтарудан бас тартуға қатысты), ТКШ қызметтері – 69 (сұрақтар сумен, жылумен, газбен жабдықтауға қатысты). Департамент құзыретімен қаралып қанағаттандырылғаны – 1447 өтініш, түсіндірілгені – 14, басқа мемлекеттік органдарға қайта жолданғаны – 74 өтініш.
Оқи отырыңыз:
Облыс әкімідігінің хабарлауынша, департамент қабылдаған шаралар нәтижесінде 105 кәсіпкерлік субъектісіне жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, ескертулер берілген. Нәтижесінде облыс тұрғындарына 44 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды. Департамент халықтың шағымдарын мұқият талдайды және оларға мемлекеттік органдар тарапынан жедел әрекет етеді.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді