7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Қазгидромет орталығының мәліметінше, бүгін тұман түсіп, үсік жүреді. Ауа температурасы күндіз +15...+17°C аралығында болады.
Алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі.
15 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. 15 қазанда елдің шығысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Тек республиканың орталығы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі, – делінген орталықтың хабарламасында.
Ауа температурасының төмендеуі еліміздің басым бөлігінде болжанады:
Астанада күн ала бұлтты болып, жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр болады. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +15...+17°C аралығында болады. Алматыда күн ала бұлтты болып, күндіз жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +17...+19°C болады.
Шымкентте күн ала бұлтты болып, жауын-шашын жаумайды. Желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр болады. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +24...+26°C аралығында күтіледі.
12 қазан күні еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланған. Атап айтқанда, Қарағанды облысы, Ұлытау облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылорда облысы, Абай облысы, Маңғыстау облысында тұман түсіп, жел соғады.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?