Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМемлекет басшысы ерлік көрсеткен офицер, сержанттар туралы жұрт білуі керектігін, ал бұл тиісті министрлік пен бұқаралық ақпарат құралдарының міндеті екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қоғамдағы түрлі пікірге қарамастан, тәртіп сақшыларының арасында кәсіби білікті, антына адал азаматтар аз емес. Дегенмен әлеуметтік желіде арандатуға тырысатын, полиция қызметкерінің абыройына нұқсан келтіргісі келетіндер де көп. Ал ондай пиғылдағы адамдардың ойы жүзеге аспауы үшін тәртіп сақшысы сауатты сөйлеп, өзін лайықты ұстай білуі қажет.
Әлеуметтік желіде полицияға қатысты түрлі бейнежазбалар бар. Кейбір адамдар қасақана арандатушылық жасайды. Сондай кезде ұстамдылық танытып, дөрекі әрекеттерге жол бермеу өте маңызды. Тәртіп сақшысы сауатты сөйлеп, өзін лайықты ұстауы қажет. Полиция қызметкері заңдарды анық білуі тиіс, яғни еліміздің заңдарын жұртқа қарапайым тілмен түсіндіруге дайын болуы қажет. Сонда ғана полиция мен халық арасында мызғымас келісім болады.
Әрине, офицерлердің арасында кәсіби білікті, антына адал азаматтар көп. Сондай қызметкерлер өзгелерге, әсіресе, жастарға үлгі-өнеге көрсетуде. Осындай үздік қызметкерлерді қолдау қажет, - деді Президент.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді