19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы қарсылас шақ келтірмеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, 13-15 жас аралығындағы спортшы қыздарымыз көркем жүзуден топтық сайыстың еркін бағдарламасында жеңімпаз атанды.
Жарыс нәтижесі бойынша Қазақстан қыздар құрамасы: Милана Ашаханова, Карина Доценко, Сания Гибадулина, Анджелина Горюшина, София Ищенко, Даяна Джаманчалова, Альбина Өмірсерікова, Варвара Снегирева (резерв: Аяулым Жакпаева, Перизат Бекпаева) 212.5417 ұпаймен жеңіске жетті. Ал Сингапур қыздары (208.8912) екінші орынға ие болды. Жүлделі үшінші орын Өзбекстан (202.5843) қыздар құрамасына бұйырды.
Оқи отырыңыз:
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары