Жаңалықтар

Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан гран-при кезеңінде екі медаль еншіледі

Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан гран-при кезеңінде екі медаль еншіледі
Фото: Olympic.kz 05.03.2024 07:35 551

Эстонияның Тарту қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан Гран-при кезеңінде қазақстандық гимнаст Айбота Ертайқызы көзге түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Дәстүрлі Miss Valentine турнирінде Айбота доп жаттығуынан 32.700 ұпай иеленіп, күміс медальға қол жеткізді. 

Ал шығыршықпен жаттығуда отандық спортшы 32.550 ұпай алып, қола медаль жеңіп алды. 

Тағы бір айта кетерлігі, Айбота Ертайқызы таспа және ұршық жаттығуында финалға шығып, төртінші орынға тұрақтаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға