Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыБакуде астан улану салдарынан 20 жастағы қыз қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқиға 7 маусым күні таңертең орын алған. Саатлы ауданынан шыққан Дерья Шахинқызы Агаева (2005 жылы туған) ауыр хәлде Бакудегі ауруханалардың біріне жеткізілген. Дәрігерлер дереу медициналық көмек көрсеткенімен, қыздың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Марқұмның жоғары оқу орнының студенті болғаны белгілі болды.
Қыздың туыстарының айтуынша, оның улануына қарбыз себеп болуы мүмкін. Бұл нұсқа тергеліп жатыр.
Oxu.Az тілшілерінің сұрауына жауап ретінде TƏBİB (Медициналық аумақтық бөлімшелерді басқару бірлестігі) келесі ақпаратты растады:
7 маусымда 20 жастағы қыз тырыспа белгілерімен жедел медициналық көмек бөлімшесіне жеткізілді. Оған бірден қажетті көмек көрсетілді. Алайда дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, науқастың өмірін аман алып қалу мүмкін болмады, — делінген TƏBİB таратқан хабарламада.
Оқи отырыңыздар:
Қазіргі уақытта қыздың улану себебін анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар