Күйеу жігіт той күні тар аяқ киім киемін деп аяғынан айырылды

Ұлыбританияда диабетпен ауыратын ер адам некеге тұру кезінде киген тар аяқ киімінің кесірінен аяғынан айырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жергілікті денсаулық сақтау қоры Ральф есімді науқасқа арнайы ортопедиялық аяқ киім берген. Алайда ол аяқ киім ер адамға тар болып шыққан. Ральф бірнеше рет аяқтың ауыратынын айтып, шағымданғанымен, мамандар тек «аяқ киімді кеңейтіп киіп үйренуге кеңес берген.
Үйлену тойынан соң асқынған ауру
Ральф осы аяқ киімді өз тойына киіп барған. Алайда бірнеше сағаттан кейін қатты ауырсынудан аяқ киімді шешуге мәжбүр болады. Біраз уақыт өткен соң оның аяғында абсцесс (іріңді қабыну) пайда болып, дәрігерлер бас бармақты ампутациялау қажет деген шешім қабылдайды.
Оқи отырыңыздар:
Бір қателік – ұзаққа созылған зардап
Бұл жағдай мұнымен аяқталмады: бірнеше жыл ішінде Ральфтің аяғындағы жағдай күрт нашарлап, тағы бірнеше саусағын кесуге тура келген. Қазір ол өздігінен жүре алмайды және жұмысқа бара алмай отыр.
Сотқа жүгінуге мәжбүр болды
Ральфтің айтуынша, қор қызметкерлері оның аяғын үш рет қате өлшеп, шағымдарын елемеген. Нәтижесінде, ер адам сотқа жүгінуге мәжбүр болды.
