13 жастағы қыз терезе сүртемін деп 10-қабаттан құлап кетті
10.06.2025 13:52
1301

Фото: pixabay.com
Шешенстанның Грозный қаласында көпқабатты үйдің оныншы қабатындағы пәтердің терезесін жуып жатқан 13 жастағы жасөспірім қыз абайсызда құлап, қаза тапты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы РФ Тергеу комитетінің Шешенстан бойынша басқармасы мәлімдеді.
Оқиға Ахмат ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, мектеп оқушысы терезені жуу үшін сыртына шыққан, бірақ тепе-теңдікті жоғалтып, жоғарыдан құлап кеткен. Қыз бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
Қазір оқиға бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматыда жаңа туған сәбилерге ең жиі қойылған есімдер
Келесі жаңалық
Қатерлі ісік тудыруы мүмкін дәрумендер анықталды