20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСолтүстік Қазақстан облысының прокурорлары жалған екпе қою фактілерін анықтады. Бұл бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық денсаулық сақтау мекемелеріндегі тексерулер нәтижесінде медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұтымсыз пайдалану, жалған екпе қою және ресми құжаттарды бұрмалау сияқты өрескел заң бұзушылықтар анықталған. Санитарлық ережелердің талаптарын бұза отырып, денсаулық сақтау қоймасында 7,8 млн теңге сомасында 1,8 мың доза көлемінде қызылша, паротит, қызамық және А гепатитіне қарсы жарамдылық мерзімі өтіп кеткен вакциналар болған.
Тексерулер нәтижесінде қызылша мен сібір жарасына қарсы жалған екпенің 70-тен астам фактісін, сондай-ақ қалалық емханалардың бірінің медицина қызметкерлерінің ресми құжатты бұрмалау фактілері расталған.
Прокуратура органдарының материалдары негізінде Петропавл қалалық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 385-бабы «Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау және өткізу бойынша» сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Облыс прокуратурасының мәліметінше, анықталған бұзушылықтар медициналық мекемелердің Бюджет кодексінде көзделген заңды негіздемесіз иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға өтінімдерді қалыптастыруына байланысты орын алған.
Оқи отырыңыз:
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?