Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМажарстанның Сегед қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден биылғы Әлем кубогының алғашқы кезеңі аяқталды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Шешуші жарыс күні Сергей Емельянов пен Руфина Искакова (C2 mix) 500 метрге жарыста жеңіске жетті. Отандық жұп каноэде бұл қашықтықты 1:51.97 секундта жүзіп өтті. Одан кейін мәреге Польша мен Мажарстан құрамасының дуэті жетті. Осы финалда тағы бір қазақстандық жұп ағайынды Емельяновтардың сыңары Тимофей мен Маргарита Торлопова (1:53.62 секунд) жүлдеге сынық сүйем жетпей, 4-сатыда қалды.
Айта кетейік, бұған дейін отандасымыз Мария Бровкова 1000 метрге жарыста алдына жан салмаған. Одан кейінгі сатыға әлем чемпионатының күміс жүлдегері мажарстандық Жофия Кисбан мен оның отандасы Жофия Каталин Чорба тұрақтады.
Жалпы Сегед қаласындағы жарыс жолы 18 жастағы қазақ спортшысына жақсы таныс. Мария былтыр осы қала қабылдаған 23 жасқа дейінгілер арасындағы каноэ мен байдаркада ескек есуден әлем чемпионатында С-1 1000 метрде жеңімпаз атанған.
Қазақстан құрамасы 2 алтын медальмен жалпы есепте 8-орын алды. Көш басында тұрған Мажарстанға Испания мен Румыния (3 алтыннан) жете алмай, үздік үштікті түйіндеді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары