Жаңалықтар

Мария Бровкова байдарка мен каноэде ескек есуден алтын медаль жеңіп алды

Мария Бровкова байдарка мен каноэде ескек есуден алтын медаль жеңіп алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 14.05.2023 06:30 822

Мария Бровкова Мажарстандағы Әлем Кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Спортты дамыту дирекциясының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мажарстанның Сегед қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден биылғы Әлем Кубогының алғашқы кезеңінде отанасымыз Мария Бровкова алтын медаль жеңіп алды. Ол C-1 санатындағы 1000 метрге жарыста мәре сызығын бірінші болып кесті (4:49.91 секунд). 

Одан кейінгі сатыға әлем чемпионатының күміс жүлдегері мажарстандық Жофия Кисбан мен оның отандасы Жофия Каталин Чорба тұрақтады.
Бұл кезең ертең, 14 мамырда мәресіне жетеді.

Жалпы Сегед қаласындағы жарыс жолы 18 жастағы қазақ спортшысына жақсы таныс. Мария былтыр осы қала қабылдаған 23 жасқа дейінгілер арасындағы каноэ мен байдаркада ескек есуден әлем чемпионатында С-1 1000 метрде жеңімпаз атанған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға