Бүгiн, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Семейдегі саябақтардың бірінде орналасқан Лениннің кеуде мүсіндері алынып тасталды. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаты, ақын Мерей Қарт Фейсбук парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Семейдегі «Ленин бюстері» келмеске кетті, Алаш арыстары тұғырға қонар кез келді!, - деп жазады ол.
Абай облыстық мәслихатының депутаты Шағангүл Жанаева да қаланың рухани жаңғырып жатқанын атап өтті.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін коммунистік идеологияның һәм Совет Одағының ірі көсемдерінің бюстерін қаланың әр-әр жерінен жинап, осы бульварға әкелген болған. Бульвардың көп бөлігін алып тұрған осы мұсіндерді бүгін тасып, әкетіп жатыр екен. Таң қалдық. Тәңірім, бұл күнді көрсеткеніңе шүкір! Талай әкім басқарды ғой қаланы. Бірде біреуінің қайраты жетпеп еді... Семей рухани жаңғырып жатыр! Алаш рухты әкімдеріміз аман болсын! Қадірлі жерлестер! Құтты болсын! Жаңарудың басы құтты болсын!, – деп жазды Шағангүл Жанаева.
Оқи отырыңыз:
Бүгiн, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Бүгiн, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Бүгiн, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?Кеше, 17:08
Алғашқы Азиадасында 5-орын алды: Меруерт Сәрсенова туралы не білеміз?