Жаңалықтар

Бас прокуратура балалар лагерьлерін тексеруді бастады

Бас прокуратура балалар лагерьлерін тексеруді бастады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 20.07.2023 09:34 624

Прокурорлар балалар лагерьлерін тексеруді бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде 848 лагерь жұмыс істейді, оның ішінде 118 – мемлекеттік, 100 – жекеменшік, 630 – шатырлы.

Сонымен қатар биылғы маусым айында 10216 мектеп жанындағы лагерь жұмыс істеген.

Оқи отырыңыз:

Бас прокурордың тапсырмасы бойынша аумақтық прокурорлар уәкілетті органдармен бірлесіп мемлекеттік, жеке және шатырлы лагерьлердің қызметін тексеруге кірісті.

Тексерулермен балалардың тұру, санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын, өрт қауіпсіздігін, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етуді жағдайын қамту жоспарлануда. 2023 жылға арналған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу кезінде заңдылықты сақтау мәселелері зерттелуде, - делінген Бас прокуратура таратқан мәліметте.

Бұған дейін саунаны балалар лагеріне айналдырған кәсіпкер бюджеттен 107 млн теңге алғанын жазғанбыз

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға