Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақ эстрадасының сүйікті әншісі, «МузАрт» тобы арқылы халықтың жүрегінен орын алған Сәкен Майғазиевтің отбасылық қуанышы – ұлының үйлену тойы қоғамда қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жақында ғана өткен құдалық кешінде бірқатар танымал өнер жұлдызы бой көрсетті. Алайда көпшілікті құдалар қатарынан «МузАрт» тобының бұрынғы мүшесі Мақсат Базарбаевтың көрінбегені алаңдатқан. Әлеуметтік желі қолданушылары:
«Сәкен ағамыз Мақсатты неге шақырмады?», «Мақсат Базарбайға бір орын бұйырмағаны қызық екен», - деген секілді пікірлер жаза бастаған.
Оқи отырыңыз:
Сәкен Майғазиев пен Мақсат Базарбаев – елге еңбегімен танылған, қазақ сахнасында қатар жүрген әншілер. Кезінде дуэт жазып, ортақ жобаларда өнер көрсеткен әріптестердің арасындағы ықылас пен шығармашылық сыйластық көпке үлгі болғаны белгілі. Дегенмен тойда Базарбаевтың бой көрсетпеуі көптің көңіліне күдік ұялатқан.
Айта кетейік, Сәкен Майғазиев тойға келгісі келетін халықтың көптігін ескеріп, салтанатты іс-шараны онлайн тамашалауға мүмкіндік жасаған. Дегенмен оқырман қауым той трансляциясына қатысу ақылы екенін байқаған. Бағасы – адам басына 1380 теңге.
Авторы: Айнұр Алпысбай
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары