
Сәкен Майғазиевтің анасы президенттен марапат алды
08.05.2025 18:16
669
Фото: әлеуметтік желі
Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мырзабекова Жеңістің 80 жылдығына орай мерекелік медальмен марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.
Анашым Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтің жарлығы бойынша Ұлы Отан соғысы жеңісінің 80 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапатталды! Аналарымыздың жымиғанын, қуанғанын көру қандай бақыт!, – деп жазды әнші.