20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБлогер, продюсер Дархан Жолшыбеков «Өзіміз ғой» бағдарламасына берген сұхбатында әнші Садраддиннің концертіне қатысты тарап кеткен қате ақпараттар жайлы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Негізі бұл концерт басында тегін болуы керек еді. Садраддиннің алғашқы концерті ауқымды өтеді деп ойлаған едік. Бірақ мұндайдың біздің қолымыздан келмейтінін түсіндік. Ашық алаңда 100 мың адамға концерт ұйымдастыру өте қиын. Басында біз ақша туралы ойламадық. Адамның жиналып, жиналмауы бізге қызық емес болды. Сол үшін де тегін өткізгіміз келді. Ойлана келе концертті стандартты талапқа сай жасау туралы шешімге тоқталдық, - деді ол.
Оқи отырыңыз:
Дархан Жолшыбеков концертке қаражатты тікелей Садраддиннің өзіне бермеген.
Барлығы «міне, Садраддин, мынау 70 миллион теңге, сен концертіңді істе» деп айтты деген ойда болды. Шын мәнінде олай болған жоқ. Садраддинге, қасында жүрген адамдардың ешқайсына ақша берген жоқпын. Маған «сахна құрып жатырмыз», «жарық қойып жатыр», «волонтерге, күзетшіге ақша керек» деп айтып отырды. Мен тек соған ғана ақша жіберіп отырдым. Садраддиннің мұны өзі де істей алатындай қаражаты жететін еді. Бірақ бастапқыда ұсыныс менен болғаннан кейін Садраддинге «ақшаны ойлама, концертіңе дайындал» дедім, - деді блогер.
Продюсердің айтуынша, концерт билеттері сатылымға шыққан бірінші аптада-ақ өз құнын ақтаған. Дархан Жолшыбеков концерт аяқталғаннан кейін өзінің салған қаражатының үстінін бір тиын да үстемақы қоспай қайтарып алды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?