Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚызылорда қаласы прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесінде 2,8 млрд теңгеге жуық сомаға бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалу қаупі анықталып, оның алдын алуға қол жеткізілді. Бұл туралы Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ведомствоның хабарлауынша, қала әкімдігімен 1,4 млрд теңгеге қала көшелерін жөндеуге жарияланған конкурста бұрын жөндеу жұмыстары жүргізілген көше енгізілген. Бұған қоса, нақты көрсетілмеген жұмыстар көлемі мен орны жазылған жобалау-сметалық құжаттама негізінде күрделі жөндеуге 1,2 млрд теңге бөлінбек болған.
Сонымен қатар, қала көшелерін жыл бойы санитарлық тазалау жұмыстары шартқа сәйкес орындалып жатқанына қарамастан, қосымша тазалау жұмыстарына 223,2 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланған.
Қадағалау органы бұл жағдайға жедел әрекет етіп, енгізілген қадағалау актісінің қаралу нәтижесімен 2,8 млрд теңгеге 3 конкурстың күші жойылып, бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді, – деп мәлімдеді прокуратура.
Қазіргі таңда бұл бағыттағы тексеру мен қадағалау шаралары жалғасып жатыр.
Бұған дейін Қызылордада 900 млн теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылғаны туралы жазғанбыз.
Сонымен қатар Қызылорда қаласындағы ЖЭО жөндеуге 2,5 млрд теңге бөлінді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді