29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен жалпы отырыста Құрылтай депутаттары вице-президент пен премьер-министр лауазымдарына ұсынылған кандидатураларды қолдады.
Президент Қазақстанның вице-президенті лауазымына Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды. Дауыс беру барысында 141 депутат оны қолдаса, төрт депутат қалыс қалған.
Осыдан кейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының вице-президенті болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды. Құрылтай депутаттарының 138-і Олжас Бектеновтің кандидатурасын қолдады, жетеуі қалыс қалды.
Осыдан кейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының премьер-министрі лауазымына тағайындалды. Ол Қазақстан Үкіметін 2024 жылдың ақпанынан бері басқарып келеді.
Бұған дейін Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланған еді.
Оқи отырыңыздар:
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек