19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қазақстан футбол федерациясы Түркия чемпионатында жарақат алып, мұрнына операция жасатқан Бактиер Зайнутдиновке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Федерация футболшының Еуро-2024 аясында Қазақстан құрамасы ойындарына қатыса алмауы мүмкін деп отыр.
Бактиер Зайнутдинов «Бешикташ» – «Ыстамбұл Башакшехир» матчында ауыр жарақат алып, ұлттық құраманың алдағы матчтарына қатысуы екіталай болып тұр. Дәрігерлердің қорытындысы шықпағанша, Бактиердің жарақаты қаншалықты ауыр екенін нақты айта алмаймыз. Жақын арада Бактиердің қал-жағдайы туралы хабарлайтын боламыз, - делінген мәліметте.
Бұған дейін Түркия клубы Зайнутдиновке операция жасалғанын мәлімдеген. «Бешикташ» клубының қазақстандық ойыншысы Түркия Суперлигасының 12-турында жарақат алып қалды. Допқа талас кезінде оның бетіне «Истанбул Башакшехир» ойыншысы Джером Опокудың шынтағы қатты тиіп кетті.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары