29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЭдуард Ким әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жапонияның Фукуока қаласында су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті.
Мəдениет жəне спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Эдуард Ким көркем жүзу бәсекесінің техникалық бағдарламасында қола медаль иеленді. Отандасымыз 216.0000 ұпай жинап, топ жарған испаниялық Диас дель Рио Сол Фернандо (224.5550) мен күміс жүлдегер америкалық Годе Кеннетке есе жіберді.
Оқи отырыңыз:
Ерлер арасындағы артистік жүзу биыл алғаш рет əлем чемпионатына қосылды. Жапониядағы айтулы бəсекенің финалында 10 спортшы алғашқы жүлде жиынтығын сарапқа салды.
Бұл спорт түрінен атлеттер енді 22 шілдеде еркін бағдарламада бақ сынайды. Бұдан бөлек, Қазақстан құрамасы суда жүзу, су добы (ерлер, әйелдер) және ашық суда жүзу жарыстарында өнер көрсетеді. Дода 30 шілдеде аяқталады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек