Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМысыр елінде өткен пара үстел теннисінен Fa40 ашық чемпионатында қазақстандық спортшылар 1 күміс және 1 қола медаль еншіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметінше, жарыста аралас жұп разрядында өнер көрсеткен Талғат Эрекеев пен Алтынай Ержанқызы күміс медаль иеленді. Ал жұптық разрядтағы сайыста Али Махулбеков пен Талғат Эрекеев қола жүлдені еншіленді.
Бұл Париж-2024 Паралимпиадасына қатысу үшін рейтингтік жарыстардың бірі. Біздің спортшыларымыз әрдайым өз шеберлігін шыңдап, көрсеткіштерін жаңартып отыру керек. Пара үстел теннисінде рейтингтерге ұпайлар Fa20 және Fa40 жарыстарында беріледі. Fа40-тың ерекшелігі рейтингке жоғары ұпайлар беріледі және жарысқа тек Fa20-да өнер көрсеткен спортшылар ғана қатыса алады. Жалпы жыл көлемінде Fa40 жарыстары 5 рет өтсе, Fa20 шамамен 20-25 рет өтеді. Жуырда наурыз айында Астанада тұңғыш рет рейтингтік Fа20 ашық чемпионаты өтетін болады. Оған 14 мемлекеттен 135 спортшы қатысады деп жоспарланған», - деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының пара үстел теннисінен команда басшысы Ерлан Досмаилов.
Айта кетсек, Fa40 чемпионаты 23-28 қаңтар аралығында Гиза қаласында өтті. Жарысқа 27 елден 190 спортшы қатысты.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары