Жаңалықтар

Елімізде биатлоннан қысқы Азия чемпионаты өтеді

Елімізде биатлоннан қысқы Азия чемпионаты өтеді
Фото: biathlonunion.kz 29.01.2024 12:39 748

2024 жылғы 10-20 наурыз аралығында Щучинск қаласында қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында биатлоннан жасөспірімдер мен жеткіншектер арасындағы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан биатлоншылар одағының баспасөз қызметінің ақпаратынша, байрақты бәсекеде сары құрлықтың 7 елінен 100-ден астам жас спортшы үш жарыс түрі бойынша таласқа түседі. Олардың қатарында Қытай Тайпейі, Жапония, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Қырғызстан, Таиланд және Қазақстан мемлекеттері бар.

Чемпионат балалар мен жасөспірімдер биатлонын дамыту бағдарламасы аясында және 2023 жылы наурыз айында құрылған Азия биатлон федерациясының қолдауымен ұйымдастырылмақ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға