Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстандықтар әкімдердің, министрлердің, депутаттар мен өзге де шенеуніктердің айлығын 85 мың теңгеге дейін төмендетуді ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Осындай бастамамен арнайы петицияға қол қойып жатыр.
Олар адам айына 85 мың теңгеге өмір сүре алады деп сендіреді. Егер өздері 85 мың теңгеге өмір сүре алса, онда оларға жоғары айлық төлеудің не қажеті бар, – дейді петиция авторлары.
Ұйымдастырушылар үнемделген қаржыны азаматтардың керек-жарағына жұмсау керек деп отыр. Бұл ұсынысты қазірдің өзінде 3,5 мың адам қолдаған.
Естеріңізде болса, еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев кітапхана қызметкерлерімен кездесу барысында 85 мың теңге адамның өмір сүруіне жетеді деген болатын. Көп ұзамай бұған қаржы министрі пікір білдірді.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?