7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Адам ағзасының қартаю қарқыны тек жасқа ғана емес, күнделікті тамақтану әдетіне де байланысты. Испаниялық ғалымдардың жаңа зерттеуі қара түсті жемістерді жиі тұтыну және күніне бір кесе кофе ішу жасушалардың ұзақ уақыт «жас» күйін сақтауға ықпал ететінін анықтады.
Зерттеушілердің айтуынша, мұндай әсердің басты себебі – полифенолдар. Бұл табиғи қосылыстар жидектерде, алмада, кофеде, какаода және шайда мол кездеседі. Бұған дейін полифенолдардың ағзадағы қабынуды азайтып, антиоксидант ретінде жасушаларды қорғайтыны белгілі болса, енді олардың қартаю үдерісіне де әсер етуі мүмкін екені анықталған.
Теломерлер не үшін маңызды?
Ғалымдар бұл байланысты теломерлердің жағдайымен түсіндіреді. Теломерлер – хромосомалардың ұшында орналасқан ДНҚ бөліктері. Оларды аяқкиім бауының ұшындағы пластик қаптамаға ұқсатуға болады. Қалай пластик баудың тарқалуына жол бермесе, теломерлер де генетикалық материалды зақымданудан қорғайды. Жас ұлғайған сайын теломерлер қысқарады. Бұл ағзаның қартаюымен және жасқа байланысты түрлі аурулардың даму қаупінің артуымен байланыстырылады.
Зерттеуге 1700 адам қатысқан
Испанияның Наварра университетінің мамандары 1700-ден астам ересек адамның тамақтану ерекшеліктерін зерттеп, олардың теломер ұзындығын салыстырған. Нәтижесінде, полифенолға бай тағамдарды ең көп тұтынған адамдарда қысқа теломерлердің пайда болу қаупі бұл өнімдерді ең аз пайдаланғандарға қарағанда 52 пайызға төмен болған.
Сондай-ақ күніне шамамен төрт-бес дана жеміс жейтін адамдарда қысқа теломерлердің болуының ықтималдығы жемісті сирек тұтынатындарға қарағанда 29 пайызға аз екені анықталған.
Мамандар бұл нәтижелер кофені немесе жемісті шектен тыс тұтынуға шақырмайтынын ескертеді. Зерттеу дұрыс әрі теңгерімді тамақтану, әсіресе полифенолға бай табиғи өнімдерді рационға енгізу жасушалардың саулығын сақтауға көмектесуі мүмкін екенін көрсетеді. Ал қартаю үдерісіне генетика, дене белсенділігі, ұйқы сапасы және жалпы өмір салты да айтарлықтай әсер етеді.
Ғалымдардың пікірінше, ұзақ әрі сапалы өмір сүру үшін бір ғана өнімге емес, жалпы дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтына басымдық берген жөн.
Біз бұған дейін денсаулықты сақтаудың 7 қарапайым қағидасы туралы жазған едік.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?