Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Бұқар-Жырау ауданы Ботақара кентінде орналасқан пәтердегі жарылысқа байланысты соңғы мәліметтерді ұсынды. Он екі пәтерлі тұрғын үйде 46 адам тұрса, жарылыс кезінде үйде 35 адам болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
М.Әуезов №8а мекенжайындағы екі қабатты екі кіреберісті 12 пәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан №10 пәтерінде жарылыс болды. Кейін пәтер шатыры, қабырғалары мен төбелері, соның ішінде бірінші қабатта орналасқан №7 пәтер толық құлаған. Ал бірінші қабаттағы № 5, 6, 8 және екінші қабаттағы 11, 12 пәтерлер де жартылай зақымданған.
Үйде барлығы 46 адам тұрса, жарылыс кезінде үйде 35 адам болған. Сағат 00:11-ден бастап 03-37-ден құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан 2 өлі және 5 жаралы адам табылды. Түрлі дене жарақаттарымен Бұқар-Жырау аудандық ауруханасына 3 бала жеткізілді. Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде 8-7212-517223 сенім телефоны ашылды. 25 азаматқа жедел психологиялық көмек көрсетілді делінген ТЖД мәліметінде.
Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Жұмысқа 139 адам мен 32 техника жұмылдырылған.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?