Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚарағанды облысы Ботақара кентіндегі 2 қабатты тұрғын үйдің пәтерінде газ баллоны жарылды. Оқиға он екі пәтерлі үйдің екінші қабатында 30 қаңтар сағат 00.07-де болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, екінші қабат жартылай қираған. Құлау алаңы анықталуда. Үйінді астында адамдар бар. Жергілікті жерде штаб ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта үйінді астынан 6 адам шығарылып, Ботақара кентінің орталық ауруханасына жеткізілген.
Алдын ала болжаммен тұрмыстық газ баллоны жарылған. Төтенше жағдай орнына 45 адам және 13 техника жұмылдырылды. Үйінді астында қалғандарды іздеу жұмыстары жалғасуда делінген ТЖД мәліметінде.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс