10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМемлекет басшысы қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі журналист, ғалым, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.
Сейдахмет Рысқожаұлы ұзақ жылдар ұлттық ғылымның, отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосып, ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі. Айналасына сыйлы азаматтық болмысымен баршаның зор құрметіне бөленген Сейдахмет Рысқожаұлының жарқын бейнесі оны білетін жұртшылықтың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.
Айта кетейік, танымал саясаткер, журналист және сарапшы Сейдахмет Құттықадам 78 жасқа қараған шағында өмірден өтті.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді